Ақтөбе облысында бес жүз мың гектар жер кері қайтарылды

989

Облыстағы 30 млн гектардан астам жердің 26 миллионнан астамы — ауыл шаруашылығына жарамды жер екен.  

Ақтөбе облысында бес жүз мың гектар жер кері қайтарылды

Ақтөбе облысында егістік жерлердің игерілмеу проблемасы өткір тұр. Аймақ басшылығы мәселеге жете көңіл беріп, қажетке жаратылмай бос жатқан жерлерді қайтарып алуға қызу кірісіп жатыр.

Облыстағы 30 млн гектардан астам жердің 26 миллионнан астамы — ауыл шаруашылығына жарамды жер екен. Өкінішке қарай, бүгінде оның 35-36 %-ы ғана пайдаланылып отырған көрінеді. Бұдан бөлек, өңірдегі 9 млн гектар жер жайылымдық алқап. Игерілмеген егістіктер ауыл шаруашылығын алға бастырмай тұрғандықтан, жер учаскелері қатаң тексерілуде. Сол себепті, осы жыл басталғалы бес айдың ішінде шаруалардан 457 мың гектар шамасындағы жер кері қайтарылып алынған. Оның ішінде, 248 мың гектар жерді қайтадан айналымға енгізілген.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембайдың айтуынша, аймақта жерді бұлайша қайтарып алудың нақты механизмі жасалып, ол үшін қажетті жағдайлар жасалған. Белгілі болғандай, облыста жерді қайтарып алу мен пайдаланылуға мониторинг жасаумен облыстық инспекция айналысады. Былтыр барлық ауданда аталған инспекцияның штаты ашылған. Оның өзі жұмыстың тезірек жүруіне септігін тигізіп отыр.

 Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу