Ақтөбе облысы Темір ауданының құтқару қызметіне Ойыл өзенінде 17 жылқы өзен жайылмасы арасынан шыға алмай жатқаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауыл тұрғыны 17 бас жылқының өзенге жақын жерде су ортасында қалып қойғанын хабарлаған. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары дереу жетіп, оларды қауіпсіз жерге айдап алып шықты. Мал шығыны жоқ. Еріген қар суы тек төрт түлікке емес, адамдарға да кедергісін келтіріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу