Ақтөбеде бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

490

Олар қомақты сома мен "Тойота Камри" автокөлігін өз аттарына аударуды талап еткен

Ақтөбеде бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлеріне қылмыстық топ облыс аумағында бопсалаумен айналысып жүргені туралы ақпарат түскен. Олар кәсіпкерден қомақты сома бопсалаған, сондай-ақ "Тойота Камри" автокөлігін өз аттарына аударуды талап еткен.

"16 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері Ақтөбе облысының төрт тұрғынын ұстады. Ұсталғандардан патрондары бар 2 травматикалық тапанша мен пышақ тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 3-бөлігі ("бопсалау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар қамауға алынды", - делінген полиция мәліметінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу