Ақтөбе облысында бруцеллездің қауіпті бес ошағы анықталды

153

Ол жерлерде сауықтыру шаралары жүргізілді.

Ақтөбе облысында бруцеллездің қауіпті бес ошағы анықталды Фото: Pixabay.com

Ақтөбеде бруцеллез ауруының қауіпті бес ошағы тіркелген. Олар Байғанин, Мәртөк және Әйтеке би аудандарында, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жалпы, жыл басынан бері облыста 618 мың мүйізді ірі қара мен бір миллионнан астам қой тексерілді. Нәтижесінде 2 800-ден астам сиыр, 900-дей ұсақ малдан ауру анықталған, деп жазады qazaqstan.tv.

Олардың иелеріне 120 миллион теңгеге жуық өтемақы берілді. 64 мың шаршы метр аумақта дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

"Мың да он тоғыз бас, олар ет комбинаттарына ет өңдеуге жіберілді. Ал, қой малын міндетті түрде өңдеуге жатады. Өйткені қойдың жұқтыру көрсеткіші адамға ұқсас, сондықтан да одан мықты қауіп бар", деді Облыстық ветеринария басқармасының басшысы  Айбек Сембай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу