Ақтөбе облысында бұланды заңсыз атқан браконьер ұсталды

139

Тінту барысында автокөліктен ойық ұңғылы карабин қаруы табылды.  

Ақтөбе облысында бұланды заңсыз атқан браконьер ұсталды Фото: polisia.kz

14 шілдеде Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық шаралар жүргізу барысында заңсыз аң ауланғанын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полицейлер Алға ауданы Маржанбұлақ ауылының маңында далада бұланға ұқсас жабайы жануарды сойып жатқан ер адамды байқады. Тексеру барысында 30 жастағы ауыл тұрғыны заңсыз аңшылықпен айналысқаны анықталды.

Полиция қылмыстық іс қозғады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Автокөлік аудандық полиция бөлімінің аумағына қойылды.

Заңсыз аңшылық үшін күдікті мүлкі тәркілену мүмкіндігімен 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаға тартылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу