Ақтөбе облысында бұрынғы полицей 3 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді

444

Полиция тергеуді бастады. 

Ақтөбе облысында бұрынғы полицей 3 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Фото: freepik

Бұл туралы "Немолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, оқыс оқиға туралы 3 жасар қыздың анасы жазған.

"Анасының айтуынша, қыз әкесінің туыстарына барған. Үйіне келгенде көкесінің тиіскенін айтып, шағым жасаған. Анасы баланы ауруханаға апарған. Дәрігер ануста 2 сантиметр сызат барын растаған. Қыздың анасы дереу полицияға арыз берген, бірақ күдікті ақша төлейді деп қорқып отыр. Оның айтуынша, ол бұған дейін полиция қызметкері болып, тіпті әкімдікте басшылық қызметте болған. Оны ауылдағының бәрі біледі, ол жақта танысы көп. Оның үстіне, анасы тергеу амалдарына баруға қорқады, өйткені ол өз өмірі мен қызының өміріне қауіптенеді. Қыз психологиялық зақым алған, мұны психолог растады", - делінген жазбада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу