Ақтөбе облысында цифрландыруға 38 миллиард теңге бөлінеді

904

Ақтөбе облысында цифрландыруға 38 миллиард теңге бөлінеді

Ақтөбе облысында 2018 жылы 25 өнеркәсіп кәсіпорнын жаңғыртып, цифрландыру үшін 38 миллиард теңге салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, "ЭКСПО-2017"-нің 18 инновациялық технологиясын енгізу жұмыстары жалғаспақ. Бұл туралы облыс әкімі Бедібек Сапарбаев Ақтөбеде тұрғындармен есептік кездесу кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс басшысы жаңғыртудың бірнеше мысалын келтіріп кетті. Өнеркәсіпте хром қосындылары өндірісінің процесін жақсарту үшін инновациялық сутектік қозғалтқыштарды, энергия көздерін жаңғырту технологиясын енгізу, сонымен қатар, мұнай-газ саласында жылу алу үшін қоқыстарды жағу әдісімен өңдеу және кәдеге жарату  жоспарлануда.  

"Өткен жылы өнеркәсіп өсімі 5% құрап, кәсіпорындар рекордтық сома - 1,55 трлн теңгенің өнімін өндірді. Өсімге өңдеу өнеркәсібінің 7,9% немесе 527 млрд теңге деңгейінде дамуы арқасында қол жеткізілді. Сөйтіп, біздің өңір мұнай-газ саласына деген тәуелділігін төмендетіп, табысты түрде диверсификациялануда", - деді Бердібек Сапарбаев.

"Осы жылы облыс экономкиасына 510 млрд теңге тартылады. Мұнай өндіру көлемін 6-дан 6,2 млн тоннаға дейін, газды 6,6-дан 6,8 млн текше метрге дейін арттыру көзделіп отыр. Жалпы, шығарылатын өнеркәсіп өнімі шамамен 2 трлн теңгені құрайды",-деді облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу