Ақтөбе облысында дендро және иппотерапиялар қолға алынбақ

1204

Ол үшін орман алқабы жалға берілген.  

Ақтөбе облысында дендро және иппотерапиялар қолға алынбақ

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында 97 га орман алқабы "Айс" ЖШС-ына 49 жылға жалға берілді,  деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Бұл аймақ Полтавка селосына жақын орналасқан. Белгілі болғандай, жергілікті танымал компания ол жердегі талдарды, дендротерапия, яғни адамдарды емдеу мақсатында пайдаланбақ. Бұдан бөлек, жылқылардың көмегімен иппотерапия да қолданылады.

Дегенмен, көпшілік тарапынан "Айс" мекемесі ормандағы ағаштарды кесіп тастап жүрмей ме деген күдік те жоқ емес. Сол себепті, экология жанашырлары жақында өткен облыс әкімінің есебінде осындай сауал жолдап, оған оң жауап алды.

Айта кетейік, Мәртөк ауданы облыстағы туристер үшін тартымды жерлердің бірінен саналады. Сырттан қызықтап келетіндер үшін арнайы туристік бағыттар да ұйымдастырылған.

"Жаңа жоба аудан туризмін дамытуға қаншалықты ықпал ететіні жөнінде айтуға әлі ерте. Бұл жерде әлі ешқандай жұмыс басталған жоқ, тек қана жоспарланып отыр", - дейді Мәртөк ауданының әкімі Ермек Кенжеханұлы.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу