Ақтөбе облысында депутат жоқ малға субсидия алған

1050

Ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі бойынша аудандық мәслихат депутатына қатысты ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақтөбе облысында депутат жоқ малға субсидия алған Фото: inbusiness.kz

"Шаруа қожалығы атынан шын мәнінде жоқ малға субсидия алуға өтініш берген. Сондай-ақ, бұл азамат "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы бойынша "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ 600 бас ірі қара мал сатып алуға берген несие қаражатын заңсыз алған", деп жазылған таратылған ақпаратта.

Жалпы келтірілген шығын көлемі 457 млн теңге. Қазіргі уақытта бұл азамат ұсталып, оған қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу