Ақтөбе облысында егін жинау кешігіп жатыр

448

Оған үздіксіз жауған  жауын-шашын кедергі келтіріп тұр. Қазір дән себілген жалпы алаңның 48,3 %ы жиналған.

Ақтөбе облысында егін жинау кешігіп жатыр Фото: inbusiness.kz

Әсіресе, Әйтеке би ауданында жағдай – күрделі. 138,1 мың га дәнді дақылдар алқабының тек 16,7%-ы ғана жиналыпты. Қазір ауданда егін жинау жұмыстары тұралаған. "Казгидрометтің" келтірген дерегі шаруаларды алаңдатып отыр.

Алдағы күндері тағы да жауын-шашын болады деген болжам бар.  Ал ылғалдың  кесірінен егістіктегі дән масағынан көктеп кетіп жатыр.  Мұндай астық артынан жарамай қалады екен. Қазір алқаптағы дәннің 80 пайызы осындай күйде. Көктеп кеткен масақтың дәні мал азығынан басқаға пайдалануға келмейді. Шаруалар оны әрі қарай өткізу де проблема екенін айтып отыр. 

Бұған дейін Әйтеке би ауданының диһандары шұғыл төтенше жағдайды жариялауды сұраған еді. Осылайша, мемлекет тарапынан  несиелердің төлем уақытын уақытша кейінге шегеруді, тұқыммен қамтамасыз ету ғанына көмектесуді өтінді.

Облыс әкімі Асхат Шахаров аудандық әкімдіктер астық өсіретін диқаншылардың қиын жағдайдан шығуы үшін көмек көрсетіп, жан-жақты шаралар қабылдауы тиіс екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу