Ақтөбе облысының шаруалары егін жинау науқанын бастады, деп хабарлайды 24.kz.
Әзірге кей ауданның шаруалары ғана егінге орақ салды. Өзгелері тамыздың ортасына қарай бастайды.
Облыста биыл 443 мың гектар жерге дәнді-дақыл егілген, оның 15 мың гектары орылды. Егін жинау науқанына қажетті техниканың 98%-ы бар. Биыл 8,5 мың тонна дизель отыны жеңілдетілген бағамен беріледі. Оның 3 мың тоннасы шаруаларға жеткізілді.
"Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арзандатылған жанар-жағармай алып отыр. Яғни оның бағасы 162 теңге. Нарықтағы бағаның құны 182 теңге литрі болса, біздің мемлекет тарапынан берілген жанар-жағармай 11%жеңілдетілген. Егін жинау науқаны аяталғаннан кейін біз келесі жылға дайындықты бастаймыз. Жерді қопсытумен қатар күзге дақылдарды егу басталады", - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының маманы Қаршыға Шүкірәліқызы.