Ақтөбе облысында жол қауіпсіздігі мәселесі өткір күйінде тұр. Тек қана биылғы екі айдың өзінде 71 жол көлік оқиғасы болған, олардан 11 адам қайтыс болып, 103 адам жарақат алған, деп жазды inbusiness тілшісі.
Өкінішке қарай, ересектердің жолда жүру ережесін сақтамауынан кейде балалар да зардап шегіп жатады. 2021 жылы облыста кәмелетке толмаған 11 бала жол оқиғасы салдарынан түрлі деңгейде жарақат алған. Оның екеуі 1 наурыз күні Ақтөбе қаласында маршруттық автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысқан кезде "ДэуНексия" машинасының ішінде отырған.
Полиция департаменті жол апаттарының негізгі себептері жылдамдық режимін сақтамау, қарсы жолаққа шығып кету, сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің жүріс бөлігі арқылы өту ережелерін бұзуы деп тауып отыр.
"Мұның қатарына үлкендердің балалардың қауіпсіздігін ойламайтынын да қосуға болады. Балаларға жастайынан көлікке отырғанда белдік тағуды, арнайы креслоға отырғызуы үйрету керек. Бала соған үйреніп, әр мінген сайын өзінің орнына отыратын болады", - дейді облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов.
Бұдан бөлек, аймақтағы жолдардың жағдайы көңілге қонымсыз екені де бұрыннан айтылып келеді. Былтыр облыс бойынша 610 шақырым автокөлік жолын жөндеуге 40,4 млрд теңге бөлініп, оның 545 шақырымы жөнделді. Биыл жоспар бойынша 600 шақырым жол жөнделуге тиіс.
Құралай Қуатова