Ақтөбе облысында апалы-сіңлілі қыздар жоғалып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Олар Қобда ауданының Бесқұдық ауылында тұрады. 8 және 9 сыныпта оқиды. Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, кеше кешкі сағат бестер шамасында Хромтау қаласында тұратын әжесіне бару үшін жолға шыққан. Үлкенінің жасы – 14-те, екіншісі – 13 жаста.
"Қобда аудандық полиция бөлімінің 15 қызметкері, облыстық полиция депаратаментінен 12 адам іздеу жұмысына жұмылдырылды. Ақтөбе мен өзге де аудандық полиция бөлімшелеріне де хабар берілді. Одан бөлек еріктілер көмектесіп жатыр. Оқушы қыздар Хромтау ауданына кетті деген хабар бар, әлі табылған жоқ", — деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.