23 желтоқсанда Ақтөбе қаласында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері отбасылық жұпты ұстады, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ұсталғандарды тексеру кезінде полиция олардан есірткі заттарын тәркіледі. Әрі қарай тұрғылықты жері мен жалға алынған гаражды тінту кезінде ақ түсті ұнтақ заты бар полиэтилен пакеттер табылып, алынды. Сараптама қорытындысы бойынша алынған заттың салмағы 1,5 келі мефедрон есірткі заты екені анықталды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу басталды.