Ақтөбе облысында газға уланған мұнайшы қайтыс болды

655

Ақтөбе облысында газға уланған мұнайшы қайтыс болды

Ақтөбе облысындағы Жаңажол кен орнында мұнайшы газға уланып, қайтыс болды. Тағы бір жұмысшы ауруханаға түскен, деп хабарлайды КТК.

Бұл оқиғаға "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамына қарайтын цехта болған. Куәгерлердің айтуынша, мұнай қондырғыларын тексеріп жүрген слесарь жұмыс орнында есінен танып қалыпты. Бұдан соң қасындағы жұмысшы да талып қалған. Дегенмен, алғашқы көмек беруге мамандар жеткенше слесарь сол жерде жан тапсырады. Ал көмекшісі Кеңқияқ ауылындағы ауруханаға жеткізілген. Қазір еңбек инспекциясы осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу