Ақтөбе облысындағы жағдайға байланысты халықаралық маңызы бар Самара-Шымкент жолында қозғалыс шектелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ БҚО филиалынан мәлім еткеніндей, аталған жолдың 394-526 шақырымында (Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) бүгін сағат 10.20-дан бастап жеңіл көліктерге шектеу қойылды.
Шектелу себебі – Ақтөбе облысында Қобда кентін су басқан.
Жүк көліктеріне шектеу қойылған жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу