Ақтөбе облысында иесіз малға арнап 97 қора салынған

1664

Алайда, бұл тиімсіз шара болып шықты.

Ақтөбе облысында иесіз малға арнап 97 қора салынған

Ақтөбе облысында өткен жылдың қорытындысы бойынша мал ұрлығына қатысты деректер жария етілді. Облыстық полиция департаментінің дерегінше, өңірде жыл ішінде 155 мал ұрлығы тіркелген. Оның ішінде, қылмыс құрамының анықталмауына, басқаша айтқанда, малдың адасып жоғалып, қайта табылуына байланысты 21 іс тоқтатылған, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі. 

Аталған қылмыс түрлері бойынша бүгінге дейін 125 қаскүнем қолға түсіп отыр. Ұрланған мал саны 1003 болса, оның 378-і иелеріне қайтарылған. Келтірілген шығын сомасы 148 млн. теңгеден асады. 

"Мал ұрлығының көбеюіне иелерінің "не бола қояр дейсің" деген бейғамдығы себеп. Малшылар төрт түлігін жайылымға жіберіп қояды да, қараусыз қалдырып, жайбарақат жүреді. Бұдан бөлек, малының қолды болғанын уақытылы хабарламайтындар бар, мұның өзі оны іздеп-табуды қиындатып жібереді", - дейді облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Серік Шалхаров. 

Мал ұрлығының алдын алу мақсатында жасалып жатқан жұмыстар аз емес: ауыл тұрғындарымен жиналыстар өтіп, ескертіліп жатыр, төрт түлікті белгілеу, таңбалау, көп жерде оларды кезекпен күзету ұйымдастырылған, 51 шағын қожалыққа 68 GPS трекер сатып алынған.

Алайда, қолға алған барлық шара бірдей тиімді болып отырған жоқ. Мәселен, облыстың әр жерінен мал ұрлануының алдын алу мақсатында иесіз малға арнап 97 қора салынған, бірақ, олар еш қажеттілікке жарамастан, қалқиып бос тұрған көрінеді.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу