Ақтөбе облысында қуаты 48 мегаватт болатын жел электр станциясы салынбақ, деп хабарлайды 24.kz.
Еліміздегі ірі қуат көзінің біріне айналуға тиіс жобаның құны – 33 миллиард теңге. Бұл бастама Италия инвесторларының Қазақстанда энергия өндіру саласындағы алғашқы жобасы болмақ.
Қарғалы ауданында орналасатын нысанда 13 турбина салынады. Құрылыс жұмыстарына 300-ден астам азамат жұмылдырылады. Жаңа өндіріс орны келер жылдың соңғы тоқсанында қолданысқа берілуге тиіс. Нәтижесінде өңірді сағатына 198 гигаватт электр энергиясымен қамтуға мүмкіндік туады.
Жел электр станциясы өңірдегі электр қуатының тапшылығын азайтатын болады.