Ақтөбе облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 59-ға жетті

232

Бастаманы 2017 жылы алғашқылардың бірі болып Қарасу ауылы қолдаған.

Ақтөбе облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 59-ға жетті Фото: ЖИ

Ақтөбе облысында алкоголь өнімдерін сатудан және тұтынудан ерікті түрде бас тартқан ауылдар саны 59-ға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биыл бастаманы тағы 25 елді мекен қолдаған. Бұл ауылдарда жалпы 14 616 тұрғын тұрады.

Бастамаға Әйтеке би ауданынан – 4, Алға ауданынан – 3, Байғанин ауданынан – 6, Ырғыз ауданынан – 2, Мұғалжар ауданынан – 8, Темір ауданынан – 7, Ойыл ауданынан – 4, Қобда ауданынан – 4, Мәртөк ауданынан – 9, Шалқар ауданынан – 9, Қарғалы ауданынан – 2 және Хромтау ауданынан 1 ауыл қосылған.

Өңірде бұл бастаманы алғашқылардың бірі болып 2017 жылы Ойыл ауданының Қарасу ауылы қолдаған.

Облыс әкімдігі құқық қорғау және басқа да құзырлы органдармен бірлесіп, бастаманы кеңейту, тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізу және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында жұмыс істеп келеді.

Жүргізілген талдау нәтижесінде соңғы бес жылда осы ауылдарда қылмыс тіркелмегені анықталған. Сонымен қатар ішімдіктен бас тартқан елді мекендерде тұрмыстық жанжалдар мен құқық бұзушылықтар азайып, қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігі жақсарған.

Ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға да көңіл бөлінуде. Білім беру және денсаулық сақтау нысандарын салу мен жаңғырту, ауызсу және газ тарту, автомобиль жолдарын жөндеу, инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Биыл облыста жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында 960-қа жуық спорттық және мәдени іс-шара ұйымдастырылған. Оларға 133 мыңнан астам жас қатысқан.

Бастаманың негізгі мақсаты – ауылдарда қауіпсіз орта қалыптастыру, халық денсаулығын сақтау және салауатты өмір салтын орнықтыру. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу