Енді Қазақстан-Италия бірлескен кәсіпорыны фермерлерден мал жүнін қабылдайды. Себебі өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ету маңызды.
Жобаны отандық компания "KazFeltec" пен итальяндық инвестор Cormatex-пен бірлесіп іске асырмақ.
Қаржыландыратын тарап озық технологиялар және жабдықтармен қамтамасыз етуге де міндетті. Жобаның құны 10 млн долларға бағаланып отыр.
Қазір елімізде шаруа қожалықтары өткізетін жүннің 70%-ға жуығы кәдеге жаратылады. Жаңа жобаның ашылуы мультипликативті әсерге ие болады. Соның арқасында мал өсірушілер малдың жүні мен терісін сатып, пайда таба алады деп жоспарланып отыр.