Ақтөбе облысында қайтарылған активтер есебінен дәрігерлік амбулатория салынды

240

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Ақтөбе облысында қайтарылған активтер есебінен дәрігерлік амбулатория салынды Фото: Үкімет

Ақтөбе облысының Маржанбұлақ ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды. Әлеуметтік нысан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен ауылдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа амбулатория ауысымына 45 келушіге есептелген және барлық қажетті заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ғимаратта пациенттерді қабылдауға арналған кабинеттер, емдеу және қарау бөлмелері қарастырылған, бұл тұрғындарға сапалы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. 

Нысанның құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 190 млн теңге бөлінді. Жұмыс Президент бастамашылық еткен "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде жүргізілді.

Ақтөбе облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен және Арнаулы мемлекеттік қор қаржысынан ауылдық денсаулық сақтау саласында барлығы 11 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда төрт нысан пайдалануға берілді, жетеуінің құрылысы жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу