Ақтөбе облысында қалың қардан жолда 200 көлік тұрып қалды

1410

Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде 87132-24-75-2 нөмірі бойынша жедел желі іске қосылды.  

Ақтөбе облысында қалың қардан жолда 200 көлік тұрып қалды

"Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Самара-Ташкент тас жолының 1153-1240 шақырымында қалың қардан 200 көлік тұрып қалды", деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК.

Мәлімет бойынша, оқиға орнында көліктерді қардан босату және адамдарды жылы пункттерге эвакуациялау үшін жергілікті атқарушы орган өкілдері, ТЖД, полиция қызметі мен "Қазавтожол" мамандары жұмыс істеп жатыр.

Жолаушылар жақын маңдағы елді мекендерге жеткізіліп жатыр. Сонымен қатар, жолды қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу