"Қазақстан Темір Жолы" компаниясы өкілдерінің хабарлауынша, бұл темір жол бөлігі "СНПС Ақтөбемұнайгаз" АҚ тиесілі. Пойыз жолын да солар тазартуы тиіс екен.
"Ұзындығы 10 км болатын бұл темір жол бөлігі "Береке-Бизнес" ЖШС тиесілі. Жолдың бұл учаскесін қардан тазарту ҚТЖ міндетіне кірмейді. Жолды қар басып қалғандықтан, жеке команияның жұмысшылары мінген пойыз тұрып қалған. Бізге белгілісі – жол бөлігі 30 минут шамасында тазартылды", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу