Ақтөбе облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлбану Дәулетова қанша бала COVID-19 жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Оның айтуынша, биыл 1 қыркүйектен бері оқушылар арасында коронавирус жұқтырудың 315 дерегі тіркелген. Оның 241-і Ақтөбе қаласына тиесілі.
"Бүгінде COVID-19 жұқтырудың дерегі 102 мектепте тіркелді. Жалпы 310 сынып қашықтан оқытуға жіберілді. Олар 14 күн карантинде болады. Алайда өңірде бірде-бір мектеп карантинге жабылған жоқ", - деді Гүлбану Дәулетова.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу