Ақтөбе облысында қарғын су 4 үйге кіріп, тұрғындар көшірілді

319

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданына қарасты Бүйректөбе елді мекенінде үйлерге қарғын су кіре бастады.    

Ақтөбе облысында қарғын су 4 үйге кіріп, тұрғындар көшірілді Фото: Видеодан скриншот

Шалқар қаласынан 9 шақырым жерде орналасқан разъездегі 6 үйде 13 адам тұрады. Мұндағы төрт баспанаға су кірген. Сондай-ақ көршілес Ұлпан ауылына да қауіп төнді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қазіргі кезде 6 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 

“Облыс көлемінде ауа-райының күрт жылынуы салдарынан Қауылжыр өзенінің Ұлпан және Бүйректөбе (67 разъезд) елді мекендері тұсында өзен суының тасу жағдайы тіркелді.

Тұрғын үйлерді су басудың алдын алу жұмыстарына теміржол саласы мен әкімдік қызметкерлерінен 50 адам және 2 техника, сондай-ақ қалыпқа келтіру пойызы жұмылдырылды. Тұрғын-үйлерді су басудың алдын алуға 2000 мың қап инертті материал жұмсалды”, - деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Аталған аумақта темір жол саласының 30 қызметкері, №7 Өрт сөндіру бөлімінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Кезекшілік ұйымдастырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу