Ақтөбе облысында кәсіпкерлерден ақша талап еткен қылмыстық топ құрықталды

684

Қылмыстық топ құрамында деструктивті белгілері бар алты адам болған.

Ақтөбе облысында кәсіпкерлерден ақша талап еткен қылмыстық топ құрықталды

Ақтөбе облысында кәсіпкерлерден ақша талап еткен қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

"Қылмыстық топ құрамында деструктивті белгілері бар алты адам болған. Олар діннің атын жамылып, бірнеше рет түрлі себептермен екі жас жігіттен ақшалай қаражат бопсалаған. Жедел іс-шараларды өткізу барысында аталған адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және тергеу жүргізіліп, ұсталғандардың басқа да ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы тексерілуде", – деп жазады ақпарат көзі.

Айта кетсек, осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу