Ақтөбе облысында киік атқан браконьер ұсталды

2497

Браконьерден аңшы мылтығы, киіктің басы, еті, мүйізі және терісі тәркіленді.

Ақтөбе облысында киік атқан браконьер ұсталды

Ақтөбе облысында киік атқан браконьерлер ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ кеңесшісі – ресми өкіл Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның дерегінше, табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Ақтөбе облысының Ырғыз ауданына қарасты "Ешкіқұм" қыстауы маңынан киіктерді заңсыз атқан Қарағанды облысының тұрғынын ұстады. Браконьерден аңшы мылтығы, киіктің басы, еті, мүйізі және терісі тәркіленді.

"Сол күні "Қосбармақ" қыстауынан киік атпақ болған екінші браконьер ұсталды. Ол да – Қарағанды облысының тұрғыны. Күдіктіден қару мен 4  қорап оқ, қызыл кітаптағы аңның басы, етінен бөлек түнде көруге арналған құрал және киік мүйізін аралауға арналған ара алынды. Браконьердің  жабдықтары олардың киікті жаппай атып, мүйіздерін жинауға дайындалғанына дәлел бола алады. Ал полиция қызметкерлері олардың мұндай әрекеттерінің жолын кесіп отыр. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді Нұрдідә Ораз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу