Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, "Kia Rio" автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі жол-метеорологиялық жағдайларды ескермей жолдың тайғақ учаскесінде, көлік рулін басқара алмай, жолдын шетіне шығып, аударылған.
– Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушы 64 жастағы әйел жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты ал жұргізуші жұбайымен ауруханаға жеткізілді, – деді Ақтөбе облысы ПД ЖПКБ рота командирі Артур Абдрешов.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті ауа райының күрт нашарлауы – жолдардағы көктайғақ туралы ескертеді. Осыған байланысты елді мекендерден тыс жерлерге алыс сапарларға шықпау ұсынылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу