Ақтөбе облысында көлік өртінен аман қалған екінші бала да көз жұмды

764

Облыста жыл басынан бері 63 көлік жанып кеткен.

Ақтөбе облысында көлік өртінен аман қалған екінші бала да көз жұмды

Ақтөбе облысында ауладағы көліктің өртенуінен күйік алған екінші бала да қайтыс болды. Денесінің 80 пайызын күйік шалған баланы аман алып қалу мүмкін болмаған, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Әйтеке би ауданы Еңбек ту кентінде 16 маусым күні болған қайғылы оқиға жөнінде жазған болатынбыз. Аулада тұрған "Ваз 2106" көлігі аяқ асты өртеніп, оның салонында ойнап жүрген үш жасар бала машинадан шыға алмай жанып кеткеткен. Ал жеті жасар бала көліктен шығып үлгерген екен. Алайда Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілген бала түнгі сағат он екіде  көз жұмды. 

"2014 жылы туған балада төртінші деңгейлі күйік болды, денесінің 80 пайызын күйік шалған, жағдайы өте ауыр еді. Ақтөбеден ауданға санитарлық авиациямен анестезиолог-реаниматолог пен комбустиолог мамандар да келген, өкінішке қарай, емнен еш нәтиже болмады. Баланың тыныс алу жолдарын күйік шалған", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Күштаева. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің  мәліметіне сүйенсек, облыста жыл басынан бері 63 көлік жанып кеткен. Оның 15-і жүк көлігі, 44-і жеңіл көлік, бір жағдай теміржол вагонында болған. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу