Ақтөбе облысында құрғақшылық болуы мүмкін

1518

Экологтардың сөзінше, ормандағы ағаштар жаппай кесіліп жатқандықтан, табиғи булану артады. 

Ақтөбе облысында құрғақшылық болуы мүмкін

Жергілікті экологтардың айтуынша, өңірде былтырғы су тасқынынан кейін өзен арналарын кеңейту жұмыстары жүргізілген. Салдарынан су қоймаларының тартылуы ықтимал, деп хабарлайды Atameken Business.

Экологтар дер кезінде билік тарапынан көңіл бөлінбеді деп дабыл қағуда.

Нақтырақ айтсақ, 2017 жылы Қарғалы мен Ілек өзені тасыған. Ал жергілікті су қоймалары оған дайын болмаған. Жүздеген үй бұзылып, халық әбігерге түскен.

Осыдан кейін облыстың бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев су тасқынының алдын алу үшін 6 млрд теңге бөліп, өңірдегі 8 өзен бақылауға алыныпты. Ал жаңа әкім Оңдасын Оразалиннің келуімен барлық жұмыс тоқтап қалған. Мердігер компания ағашты жаппай кесіп, жойылған мыңдаған ағаш бұтақтарының орны толтырылмаған.

"Былтырғы жылы болған су тасқынынан кейін 2-3 жыл құрғақшылық болатыны заңды. Оның үстіне ормандағы ағаштар жаппай кесіліп жатқандықтан, табиғи булану артады. Табиғат өзінен өзі орнына келмейді ғой! Қоршаған ортаға залал келтіргендер өз кінәсін біледі. Алайда орнына қайтып келтіре алмайды ғой. Қалай енді қалпына келтіреміз?", – дейді эколог Александр Мандрыкин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу