Ақтөбе облысында құтқарушылар көлікті жол жиегіндегі ордан шығарып алды

335

Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетті.

Ақтөбе облысында құтқарушылар көлікті жол жиегіндегі ордан шығарып алды Фото: Бейнежазбадан

Ырғыз ауданында, облыстық маңызы бар Ырғыз – Шалқар автожолының 40-шақырымында жеңіл автокөлік жол жиегіндегі орға аударылып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құтқарушылар автокөлікті ордан шығарып алды.

Көлік салонында екі адам болған. Олар медициналық көмекке мұқтаж емес. Құтқарушылардың көмегінен кейін жолдарын өздігінен жалғастырды.

– Жылдамдық режимін сақтаңыздар, жол және ауа райы жағдайын ескеріңіздер, көлік жүргізу кезінде мұқият болыңыздар. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар! – деп ескертеді ТЖМ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу