Ақтөбе облысында қызметінен кеткен полицияның экс-бастығы жұмысқа қайта кіруге тырысқан

414

Ер адам құқық қорғау органдарында 20 жылдан астам жұмыс істеген.

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен полицияның экс-бастығы жұмысқа қайта кіруге тырысқан Фото: gov.kz

Ақтөбе облысында жұмысынан босатылған полицияның экс-бастығы сот арқылы қызметіне қайта оралуға тырысқан, деп жазады Inbusiness.kz diapazon.kz порталына сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, 2021 жылдың наурыз айында ер адам Кеңқияқ кенттік полиция бөлімшесінің бастығы лауазымына дейін көтерілген. Бірақ араға бір жыл салып жұмыс уақытында ішімдік ішіп, қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны және полицияның беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан қуылған.

Бұрынғы полицей сотқа жүгініп, мәжбүрлі түрде жұмыстан шеттетілген аралыққа жалақы төлеуді талап етеді. Ақтөбелік оны жұмыстан босатудың себебі ретінде басшылықтың ұнатпауынан екенін айтқан. Ол ішімдік ішкенін мойындап, алайда бұл жұмыстан тыс уақытта, яғни сағат 18.00-ден кейін болғанын жеткізген.

Алайда сот полиция департаменті қызметкерлерінің жұмыс уақыты 19.00-ге дейін екенін анықтады. 

Сот шешіміне бұл жайттың қоғамда резонанс тудырғаны да әсер етті. Себебі желіде полицейдің емханада масаң күйде болған бейнежазба тараған. Жұмыстан босатылған полицияның бұрынғы бастығы видеоның авторы мұны әдейі жасағанын айтты. Сот экс-басшыны әдейі аяқтан шалу әрекетіне қатысты дәлелдер таппады. Оның талабы қанағаттандырылмады және лауазымы да қайтарылмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу