14 қараша күні таңертең Ақтөбе облысының Мәртөк ауылында 73 жастағы әйелдің мәйіті өз үйінен табылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Зейнеткердің өліміне ішкі ағзаларының зақымдануы себеп болғаны анықталды. Марқұмның 48 жастағы қызы күдікке ілінді. Екеуі бірге ішімдік ішкеннен кейін жанжал шығып, қызы анасын ұрып-соққан деп болжанып отыр. Әйел ұсталып, қамауға алынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу