Ақтөбе облысында қызылша ауруы дендеп тұр

540

Жыл басынан облыста қызылшаның 1 225 жағдайы тіркелді. 

Ақтөбе облысында қызылша ауруы дендеп тұр Фото: Aikyn.kz

Ақтөбе облысында қызылша ауруы өршіп тұр. Бұл туралы облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев айтты, деп жазады Inbusiness.kz mgorod.kz порталына сілтеме жасап.

Жыл басынан облыста қызылшаның 1 225 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 914-і Ақтөбе қаласында. Қыркүйектен бері 271 оқушы қызылша жұқтырды, оның 119 жағдайы облыс орталығында байқалды.

17 қазан күні Чайка санаторийінде қызылшамен ауыратын науқастарды емдеуге арналған қосымша бөлім ашылды. Бас инфекционист дәрігер Мейрамбек Құрманғазиннің сөзінше, мұнда екі күнде 85 науқас түскен. Ауырғандардың дені – үш жасқа дейінгі балалар.

Бұдан бөлек жансақтау бөлімінде бір бала жатыр. Оның жағдайы лейкозбен асқынып отыр, дейді мамандар.

“Қызылша жұқтырғандардың 10%-ында пневмония болды. Күн сайын республика бойынша қысқаша мәлімет алып отырамыз. Қызылша салдарынан менингоэнцефалит жағдайлары да тіркелген. Қызылшамен ауыратындардың саны артып келеді. Бір отбасынан 4-5 бала түседі”, - деді бас инфекционист дәрігер Мейрамбек Құрманғазин.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастардың 80%-дан астамы екпе салдырмаған. Бүгінде аймақта қызылшаға қарсы вакцинация жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу