Ақтөбе облысында қызылша ауруы өршіп тұр

375

Ақпан айынан бері вирус жұқтырды деген күдікпен 593 адам тіркелген.

Ақтөбе облысында қызылша ауруы өршіп тұр Фото: google.com

Зертханалық тексеріс нәтижесінде олардың 370-нен ауру белгілері анықталған. Дәрігерлердің айтуынша, балалар арасында қызылшаға қарсы екпе алмағандар көп. Қазір ем алып жатқандардың да көбі он төрт жасқа дейінгілер, деп жазады qazaqstan.tv.

Оқу жылы басталғалы 56 бала ауырған. Ауруханаларда барлығы 70 науқас бар. Қосымша 101 кереуеттік орын дайындалды. Мамандар жағдай осылай жалғаса берсе, білім беру ұйымдары онлайн режимге көшуі мүмкін екенін ескертеді.

"Баланың саны 4-5 асқан жағдайда алдын алу шараларының тәртібіне сай, сол мектептің бірінші сыныбы әрі қарай бүкіл мектепке дейін жабылу қаупі орын алуы мүмкін. Жоспарға сай, санына сай, егер етек жайып бара жатса жабамыз", - деді облыстың бас инфекционист дәрігері Мейрамбек Құрманғазин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу