Сырқаттанғандардың 90 пайызы бұған дейін екпе алмағандар, деп жазады inbusiness.kz сайты Ұлттық арнаға сілтеме жасап.
Оның ішінде екпе жасына жетпеген балалар да бар. Сонымен қатар, өңірде эпидемиологиялық паротит жұқтырған 5 адам тіркелді. Оның төртеуі ересек, бірі екпеден бас тартқан бала. Бұл – вирустық жұқпалы ауру. Асқынған жағдайда менингит, орхит және панкреатитке ұласады. Уақытында емделмесе, бедеулікке де әкелуі мүмкін. Дегенмен, мамандар өңірдегі эпидемиологиялық ахуал бақылауда дейді.
"Жалпы эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп айта аламыз. Дегенмен, өңірде аурушаңдық әлі де болса тіркелуде. Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында қызылша инфекциясының 242 жағдайы және көкжөтел ауруының 9 жағдайы зертханалық жолмен анықталып отыр. Сонымен бірге еліміздің кейбір өңірінде эпидемиологиялық паротит ауруы тіркелуде", – деп мәлімдеді облыстық Санэпидемииологиялық бақылау департаментінің басшысы Райхан Қойшанова.