Ақтөбе облысы Темір ауданы Саркөл ауылдық округінің аумағында ТЖД күштері 1972 жылы туған ер адамды іздестіру операциясын жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Анықталғандай ол мал іздеуге жаяу шығып, қайтып оралмаған.
Іздестіру топтары ер адамның ықтимал қозғалыс бағыттарын бағдарлай отырып іздестіру жұмыстарына кірісті.
Жүргізілген шаралардың нәтижесінде ер адам Қопа ауылынан 10 шақырым жерде табылды. Ол медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу