Ақтөбе облысында мал ұрлаушылар ұсталды

1056

Ақтөбе облысында мал ұрлығымен айналысуды кәсіп қылған ұйымдасқан қылмыстық топ анықталып, бұрын жасалған 9 дерек бойынша да іс қозғалды, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.  

Ақтөбе облысында мал ұрлаушылар ұсталды

Хромтау аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері аудан көлеміндегі жайылымдық жерден бірнеше бас малды қолды қылған үш ер адамды анықтап, ұстады. Әзірге бұл іс бойынша биылғы жылдың екі айына қатысты эпизодтар белгілі болып отыр.

Күдіктілердің бірі қылмыстық қалай жасалатынын жайып салған. Яғни ол малды еркін жайылымнан айдап әкетіп, таса жерге апарып, байлап қояды. Сосын сыбайластарына хабарласып, олар "Газель" автокөлігіне кем дегенде 3 бас малды тиеп, Ақтөбе қаласына апарады. "Барымташылар" ұрланған малды базарда бөлшектеп немесе Ақтөбе қаласындағы мал базарында тірілей сатып отырған. Бұл әрекет 3-4 күн сайын қайталанып тұрыпты.

"Заттай дәлелдемелер тәркіленді – бұл бір жылқы, ұрланған малды тасымалдайтын "Газель" автокөлігі. Сондай-ақ Ақшат кентінде ұсталғандардың бірінің үйінің жанында бес ірі қара терісі, осы үйден ірі қараның үш аяғы, екі пышақ, арқан тәркіленді" – дейді ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Серік Шалхаров.

Қазіргі уақытта Хромтау ауданының аумағында бұрын жасалған мал ұрлығының 9 фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау үшін жәбірленушілерді анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Оған байланысты ҚР ҚК 188-1-бабы "Мал ұрлығы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу