3 мамырда патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін ПАЗ автобусын тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тексеру кезінде бір фирманың қызметкерлерін тасымалдайтын автобус жүргізушісінің масаң күйде болғаны анықталды. Автобус арнайы автотұраққа қойылды.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осы баптың санкциясы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуды және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыруды көздейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу