Ақтөбе облысында мас күйінде көлік жүргізген әйел 5 жылға сотталуы мүмкін

454

Ол бұған дейін де мас күйінде көлік жүргізгені белгілі болды.

Ақтөбе облысында мас күйінде көлік жүргізген әйел 5 жылға сотталуы мүмкін Фото: freepik

Ақтөбе облысында мас күйінде көлік басқарған үш баланың анасы темір торға қамалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

"Полицейлер қала көшелерінен қозғалысы күдік тудырған көлікті байқады, көлікті тоқтатып тексеріс жүргізу барысында 51 жастағы мас әйел анықталды. Медициналық сараптама оның көлікті жеңіл мас күйінде басқарғанын көрсетті", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Айта кетейік, ол 2021 жылдың мамыр айында мас күйінде көлік жүргізгені үшін сот шешімімен 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. 

Жазаға және кәмелетке толмаған үш баласының болуына қарамастан, ол тағы да мас күйінде рөлге отырды. Автоледи уақытша ұстау изоляторына жіберілді.

Қылмыстық кодекстің 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы және өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу