Ақтөбе облысында өнеркәсіп көлемі 350,4 млрд теңгені құрап, түрлі-түсті металл рудасының өндірісі 12%, металлургия өндірісі 52%, машина құрастыру 74%, құрылыс материалдары 29% көбейгені байқалады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
43,5 млрд теңге инвестиция тартылып, 133,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, құрылыс жұмыстарының көлемі 21,2% өсті, яғни 14,9 млрд. теңгені құрады.
"24,5 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, құрамына 2159 қосалқы шаруашылық кіретін 148 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды", – деп жазылған хабарламада.
Бөлшек сауда айналымы 94,1 млрд теңгеге жетті. Биылғы жылдың 1 сәуіріне дейінгі инфляция 102,7% болса, инфляциялық үдерісті тежеу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес күн сайын кәсіпкерлік субъектілеріне, соның ішінде қала мен облыс аудандарында мониторинг жүргізіледі.