Ақтөбе облысында "Мигрант" шарасы өтіп жатыр

995

Көші-қон заңдылығын бұзған 45 адам жауапқа тартылды.  

Ақтөбе облысында "Мигрант" шарасы өтіп жатыр

Ақтөбе облысы Мәртүк ауданында Ресей Федерациясының азаматы шекараны заңсыз кесіп өтіп, қаннен-қаперсіз тұрып жатыпты. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 392-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп жазды inbusiness.kz  тілшісі.

Ақтөбе облысының аумағында 15-19 ақпан аралығында өтуі тиіс "Мигрант" шарасының екінші кезеңінде қазірдің өзінде 45 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 26-сы - шетелдік және 19-ы - Қазақстан Республикасының азаматы. Елімізден тыс жерлерге 3 шетелдік шығарылды.

 Аталған шара елде заңсыз жүрген адамдарды анықтауды, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуді,  сондай-ақ, елде болу ережелерін бұзған шетелдіктер мен  шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған жұмыс берушілерді анықтауды көздейді. Облыстық ПД қызметкерлері атап өткендей, миграциялық заңдылықтың бұзылуы екі тарапқа да байланысты, жұмысқа шетелдік азаматтарды қабылдағанмен олардың құжаттары мен елде болу тәртібіне назар аудармайтын жұмыс берушілер де заңның бұзылуына жол беріп отыр.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу