Ақтөбе облысында "Мигрант" шарасы өтуде

1067

2021 жылғы 1-5 ақпан аралығында облыс аумағында "Мигрант" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.  

Ақтөбе облысында "Мигрант" шарасы өтуде

Аталған іс-шараның мақсаты-тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасында заңсыз жүрген адамдарды анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу. Сондай-ақ, елде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді, сондай-ақ, шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған жұмыс берушілерді анықтау жұмыстары ұйымдастырылады.

Айта кетейік, 2020 жылдың 12 айында көші-қон қызметінің қызметкерлері Ақтөбе облысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1419 адамды  әкімшілік жауапкершілікке тартқан еді, оның ішінде 730 шетелдік, 689-ы ҚР азаматтары.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу