Ақтөбе облысында мұғалім кісі қолынан қаза тапты

13545

Ол әріптесінің қолынан көз жұмған болуы мүмкін.  

Ақтөбе облысында мұғалім кісі қолынан қаза тапты

Ақтөбе облысы Темір ауданында екі мектеп мұғалімі төбелесіп, біреуі көз жұмған. Оқиға аудан орталығы Шұбарқұдық ауылында болады. Темір аудандық полиция бөліміне хабарласқан тұрғын өз үйінің ауласынан ер адамның мәйітін тапқаны туралы хабарлайды. Анықтай келгенде, оның Ж.Кереев атындағы мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі екені анықталған. Күдікті ретінде оның әріптесі, сол мектепте тарих пәнінен сабақ беретін мұғалім ұсталып отыр. Олардың екеуі де жоғары білімді азаматтар, қайтыс болған педагог 40 жаста болса, күдіктінің жасы – 43-те. Облыстық білім басқармасы басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Сүлейменова екеуі де білім беру ұйымдарында бұрыннан сабақ береді, біршама педагогикалық өтілі бар екенін айтады.

Болжам бойынша, оқиға түскі үзіліс кезінде болған. Екеуі қызбалыққа салынып төбелескенде, біреуі екіншісіне пышақ сұғып алған.

 "Аталған факті бойынша күдікті анықталып, ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу кезінде өзге ақпарат жария етілмейді", – дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу