Ақтөбе облысында мұнайды заңсыз өндірген компания басшылығы қамауға алынды

404

ҚМА аумақтық департаменті анықтағандай, компания заңсыз мұнай өндіруді 2022 жылдан бері консервациялануға тиіс мұнай кенішінде жүргізген. 

Ақтөбе облысында мұнайды заңсыз өндірген компания басшылығы қамауға алынды Фото: ҚМА баспасөз қызметі

Ақтөбе облысында мұнай кен орнында шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз шикі мұнайды заңсыз өндіру, өңдеу және сақтау фактісінің жолы кесілді.

Қазіргі уақытта компания бас директорының орынбасары қамауға алынып, сот шешімімен оған қатысты 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу