Ақтөбе облысында нәресте өлімі 29% өскен

772

Үкімет басшысы өңірде жұмыс сапарымен жүр.

Ақтөбе облысында нәресте өлімі 29% өскен

Премьер-министр Әлихан Смайылов Ақтөбе облысының әкімдігіне
нәресте өлімін азайтуға тапсырма берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Үкімет басшысы 2021 жылы пайдалануға берілген 190 жатын орынға арналған жаңа облыстық перинаталдық орталықтың жұмысымен танысты.

"Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста нәресте өлімі 29%, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім 47% өскен. Әкімдік жаңа перинаталдық орталықтың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жаңа туған бала өлімін азайту бойынша шаралар қабылдауы керек. Сондай-ақ медицина кадрларының тапшылығын азайту бойынша да жүйелі жұмыс жүргізу шарт", - деді премьер-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу