Ақтөбе облысында Нұра және Мамыр ауылдарынан тұрғындар эвакуацияланды

217

Бұған Торғай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі себеп. 

Ақтөбе облысында Нұра және Мамыр ауылдарынан тұрғындар эвакуацияланды Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс басшысы Асхат Шахаровтың тапсырмасымен Ырғыз ауданы Нұра және Мамыр ауылдарының тұрғындары қауіптің алдын алу мақсатында қауіпсіз жерге көшірілді. Мамырда - 152, Нұра ауылында 691 адам тұрады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

ҚР Қорғаныс министрлігінің тікұшағымен барлығы 80 адам (Мамыр ауылы - 74 адам, Нұра ауылынан - 6 адам), оның ішінде 53 бала эвакуацияланды.

Ауыл тұрғындарын қабылдау үшін Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп, №1 және №2 орта мектептері, "Жігер" спорт кешені дайындыққа келтіріліп, қажетті заттармен жабдықталды.

Сондай-ақ, Мамыр және Нұра ауылдарына Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары және арнайы техника жұмылдырылды. Ауылдарды судан қорғау мақсатында бөгеттер нығайтылды.

Тасқын су бөгеттен асып немесе жырылып кетсе, ауылды су басу қаупі туындайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу