Олимпиадаға бара жатқан: Ақтөбеде 2 оқушы мен мұғалім көз жұмды

5605

Оқиға Самара-Шымкент тас жолында болған.

Олимпиадаға бара жатқан: Ақтөбеде 2 оқушы мен мұғалім көз жұмды Фото: google.com

Қайғылы жағдай бүгін, 19 желтоқсан сағат 9-00 шамасында Самара-Шымкент тас жолында болған.

Көлікте Ырғыз ауданы Қызылжар ауылының Жаныс би елді мекенінің оқушылары мен мұғалімдері болған. Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысы Жайық Сұлтанның айтуынша, олар республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысуға бара жатқан.

Куәгерлердің айтуынша, екі оқушы мен бір мұғалім жол апатынан қаза тапқан.

Естеріңізге салсақ, былтыр дәл осы желтоқсан айында Темір ауданынан облыс орталығына келе жатқан жас оқушылар да апатқа түсіп, бір оқушы қаза тапқан болатын. Олар Ақтөбеде  волейболдан өтетін жарысқа келе жатқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу