Ақтөбе облысында осы аптада алты ауданның әкімі ауысты

1386

Әйтеке би, Ырғыз, Хромтау, Алға, Мұғалжар, Байғанин аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды.

Ақтөбе облысында осы аптада алты ауданның әкімі ауысты

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат келісімімен Ақтөбе облысы әкімі Оңдасын Оразалин Әйтеке би ауданының әкімі лауазымына Елеусізов Мәди Қанатбайұлын, Ырғыз ауданының әкімі қызметіне Шахин Аққанат Әлішбекұлын тағайындады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

43 жастағы Мәди Елеусізов Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін, Ресей Кеден академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 1997 жылы Шалқар қаласы "Южбозой" АҚ-да экономист қызметінен бастаған. Ақтөбе облысы Кедендік бақылау басқармасының кедендік режимдерді бақылау бөлімінің инспекторы, Ақтөбе облысы бойынша Қобда кедендік бақылау басқармасының басшысы, Қобда ауданы әкімінің орынбасары, Мәртөк ауданының әкімі, Ақтөбе облысы әкімдігі аппарат басшысы, "Нұр Отан" партиясының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

 Аққанат Шахин 1961 жылы туған. Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтының түлегі. Ырғыз аудандық азаматтық қорғаныс штабының басшысы, Ырғыз ауданындағы "Шебер", "Ырғыз"  шағын кәсіпорындарының  басшы орынбасары қызметтерін, Ырғыз аудандық әкімдігі аппаратының басшысы, және Ырғыз ауданының әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.

Апта басында ғана өңірде тағы 4 ауданның әкімі ауысқан болатын. Хромтау ауданына - Нағымжан Алдияров, Алға ауданына - Мамырғали Аққағазов, Мұғалжарға - Асқар Шериязданов, Байғанин ауданына Кайрат Ұтаров тағайындалған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу