Ақтөбе облысында өзендерді тазарту жұмысы басталады

821

Ақтөбе облысында Сазды, Жіңішке және Песчанка өзендерінің арналарын тазарту жұмысы басталады, деп жазады inbusiness.kz Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақтөбе облысында өзендерді тазарту жұмысы басталады

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Сазды су қоймасының, Песчанка және Жіңішке өзендерін қысқа мерзім ішінде тазартуды тапсырды.

Өңір басшысы Сазды су қоймасын бойлай өсіп, көктемде ағысқа кедергі болатын қамыстан арнайы техникамен тазартуды тапсырды.

Бұдан бөлек Ақтөбе-Орск тасжолын кесіп өтетін көпір ауданындағы Песчанка өзенінің арнасына да қамыс пен арамшөп өсіп кеткен. Бұл өзен биыл көктемде 1993 жылдан бері алғаш рет көтерілді. Бүгінде суы тартылып, құрғап жатыр.

Жіңішке өзені де облыс әкімінің назарынан тыс қалмады. Жеңіс даңғылы ауданындағы аталмыш өзен үстімен өтетін көпірді жөндеп бітірген соң көне көпірді бұзу жоспарланып отыр. Себебі тұрғындар оның адам өмірі үшін қауіпті екенін айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу